Токиодағы Олимпиада ойындары: Қарағанды облысынан баратын команда құрамы анықталды

Токиодағы Олимпиада ойындары: Қарағанды облысынан баратын команда құрамы анықталды

Алты Олимпиада лицензиясын Қарағанды облысынан жеті спортшысы жеңіп алды. Қазақстанның паралимпиада құрамасына екі қарағандылық кірді. Токиода өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында облыс әкімі спортшылармен және олардың тәлімгерлерімен әңгімелесті. Кездесу онлайн форматта өтті.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев олимпиадалық лицензия иегерлерінің есімдерін атады.

– Жеті спортшымыз алты лицензия жеңіп алды. Олар: Абылайхан Жүсіпов (бокс), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Александра және Екатерина Немич (синхронды жүзу), Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев (дзюдо), Мария Овчинникова (жеңіл атлетика), – деді Темірхан Абылаев. - Біздің өңірден Паралимпиадалық ойындарға спортшылар жеті лицензия жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт комитетінің шешімі бойынша олардың тек екеуіне квота берілді. Ұлттық құрамаға Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) және Әлия Рахымбекова (жүзу) кірді.

Жеңіс Қасымбек облыста спортқа ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Футбол алаңдары мен заманауи ДСК-лар салынуда, заманауи спорт нысандары тапсырылады, облыстың барлық ауылдары мен қалаларында спорт залдары жөнделуде. Спортшылардың жалақысы артты. Олар медициналық қызметпен толық қамтамасыз етілген.

– Сіздер 1,5 жылдан бері күрделі жағдайда жаттығып келесіздер. Қазіргі жағдай бәрімізге әсер етеді. Бірақ осының барлығына қарамастан, біз сіздердің жеңістеріңізді асыға күтеміз және сіздерге үлкен табыс тілейміз, – деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Токиода жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақ әлемдік дода өткізілетін ең инновациялық Олимпиада болады.