Қарағанды облысында 15 мыңға жуық адам тоғызқұмалақпен шұғылданады

Қарағанды облысында 15 мыңға жуық адам тоғызқұмалақпен шұғылданады

29-маусымнан 2-шілде аралығында Қарағандыда осы ұлттық спорт түрі бойынша 9, 11, 13 және 15 жастағы балалар арасында Қарағанды облысының жеке чемпионаты өтті. Жарыстарда жеңіс үшін өңіріміздің қалалары мен аудандарынан 103 жас ойыншы күресті.

- Бұд турнир Семей қаласында 22-31 шілде аралығында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңі болатын, - деп нақтылады тоғызқұмалақ бойынша Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Сауле Каратай.

– Жарысқа қатысқан балалардың деңгейі өте жоғары екендігін атап айтқым келеді. Бұл біріншілікте қатысушылар шындап күресті, соңына дейін кім жеңіске жететіні белгісіз болды. Осындай қызықты ойынды көру, балалардың ойланып, қобалжып отырғандарын бақылаудың өзі бір ғанибет. Олардың еліктеуге тұрарлық үлгі тұтарлары бар –біздің тәрбиеленушілеріміз, олар республикалық деңгейдегі жарыстардағы өздерінің жеңістерінің арқасында халықаралық турнирлерге қатысқалы тұр, мысалы, Түркиядағы Ұлттық ойындарға, Азия чемпионатына. Негізі, тоғызқұмалаққа қызығушылық жылдан жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Қарағанды облысында 15 мыңға жуық адам осы  бірегей ұлттық ойынмен  шұғылданады. Осы ойынның табынушылары бұдан да көп болатынына сенімдімін.

Нәтижесінде чемпионаттың жеңімпаздары атанды:

9 жас – Нұрбек Нұрлан (Шет ауданы), Сайдулла Нұрғайм (Теміртау);

11 жас – Башир Аслан (Бұқар жырау ауданы), Шамшиева Жанель (Қарқаралы);

13 жас – Тастимов Диас (Шет ауданы), Наскенова Айнур (Бұқар жырау ауданы);

15 жаста – Болат Дінмұхаммет (Бұқар жырау ауданы), Боранбай Жаннұр (Ақтоғай ауданы).