26-маусымда Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және астана Күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті

26-маусымда Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің       30-жылдығына және астана Күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті

Осы спорттың ұлттық түрлері бойынша ауқымды, көрнекті жарыста жеңіс үшін еліміздің өңірлерінен 150(!)  шабандоз күресті. Біріншіліктің ашылу және марапаттау рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нукенов, өңіріміздегі спорттың ұлттық түрлері бойынша Ассоциацияның басшысы Нурсерик Шарипов, Қарағанды облысы жауынгерлік өнер Ассоциацияның құрметті президенті Кендебай Адамбеков, ДШжСБ басшысы  Темірхан Абылаев және басқалар қатысты.  

Турнир салынып жатқан ипподромда өтті, ол келешекте спортшылардың жаттығуларына арналған өте жақсы меншікті базасы болатынын атап өтеміз.   

Оған қоса, бұл республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді, әрі спорттың ұлттық түрлеріне қызығушылық тудырып, әлбетте, жақсы насихат болады.  Өткен сенбі күні өткен бәйге соны растады. Оның барлық түрлерінде  - тай жарысы, құнан жарысы, топ бәйге және әрине, аламан бәйге – қатаң, тартымды күрес болды. Үздік жігіттер мен ең жүйрік аттардың иелерін тек ғана кубоктар мен мадақтамалар күтіп тұрған жоқ еді, сонымен қатар Қарағанды облысы жауынгерлік өнер Ассоциациясының демеушілік қаражатынан қомақты ақшалай жүлделер де болды.  Аламан бәйгеде (25 км) басты жүлде – автокөлік, тағы екі түрінде – мотоциклдер. Қорытындысынды жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағын жеңіп алғандар:

Аламан бәйге  

І- орын – Алматы облысы, Секенай Бөбекбай (Мамайқара)

ІІ - орын – Жамбыл облысы, Берік Оңалбаев (Қарақұс)

ІІІ - орын – Ақтөбе, Қазбек Әлешев (Қайнар) 

Топ бәйге

І - орын – Қарағанды облысы, Нұрлыбек Мұхамедияров (Ботагөз)

ІІ - орын – Баянауыл, Сүтжан Каримов (Желқара)

ІІІ - орын – Жамбыл облысы , Жандос Қадырманов (Еспера)

Құнан бәйге  

І - орын – Жамбыл облысы, Мұрат Өсербаев (Құралай)

ІІ - орын –Шығыс-Қазақстан облысы, Қуат Үсенов (Қарақат)

ІІІ - орын – Алматы облысы, Іле ауд, Жанколиков әулеті (Лидер)

Тай жарыс

І - орын – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұрлан Намысов  (Нұрақасқа)

ІІ - орын – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Әсен Саламат (Ақбота)

ІІІ - орын – Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа ауданы, Темірхан Тоқбергенов (Аққоян)