Қарағанды гимнастика мектебі «Ана мен бала» онлайн жарысын өткізуде. Қашықтық режимінде өткізіліп жатқан бұл біріншілікке 7-9 жас аралығындағы барлық ниет білдіруші аналар мен балалар қатыса алады. Жазылған бейнені WhatsApp-қа 28-30 сәуір аралығында жіберу керек. Барлық жасалған үш жаттығудың нәтижелері жарыс есебіне кіретін болады. Барлық бейнежазбалар толық болуы қажет. Музыкалық сүйемелдеуге жол беріледі. Жаттығуды орындамас бұрын, қатысушы бейнеде баланың туу туралы куәлігін, жеке куәлігін ұсынады (көрсетеді) және өзінің аты - жөнін, туған жылын және қай қаладан/ауданнан қатысын отырғанын дауыстап айтады. Отбасыңыздың тегін көрсете отырып, жасалған жаттығулардың бейнежазбасын төменде көрсетілген нөмірлерге жіберуіңіз қажет. Бұл жаттығуды орындау кезінде басталуы мен аяқталуы уақытын нақты анықтау үшін секундомер қосулы болып, көрініп тұруы қажет.
87786734203 Арыстанбеков Д.Д.
87014395377 Турсумбеков О.Т.
87759891145 Дембовская Н.П.
87016037809 Ахатова Д.Т.
87022018870 Ниязова А.О.
87786697236 Ақжолтай Ә.Б.
Үздік нәтиже барлық үш жаттығудың қорытындысы негізінде анықталады.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды облысының ДШжСБ грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.