Капитан Губарев Максим: «Спорт - менің өмірлік ұстанымым»

Капитан Губарев Максим: «Спорт - менің өмірлік ұстанымым»

Өскеменде пандемияға байланысты бір жылдық үзілістен кейін алғаш рет Президенттік көпсайыстың жазғы түрлері бойынша барлық жастағы спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарысқа республиканың 11 облысының  186 өкілі қатысты. Чемпионат бағдарламасында пневматикалық винтовкадан ату, жүзу (50-ден 100 м-ге дейін еркін түрде), спринт, төзімділікке жүгіру (1000-нан 2000 м-ге дейін) түрлері болды. Қарағанды облысының атынан 15 спортшы өнер көрсетті. Командалық есепте біздің құрама үшінші орынға табан тіреді. БЖСМ арасында облыстық кешенді спорт мектебі күміс жүлде иегері атанды. Қарағандылықтар барлығы екі алтын, екі күміс және екі қола медальді қанжығаларына байлады. Айта кетейік,  бұл жарыста жасы үлкен спортшыларымыз Максим Губарев пен Любовь Комкова чемпион атанды.

- Президенттік көпсайыс спортына қызығушылығым әскерде жедел қызмет ету кезінде оянған болатын. Жарыста өз бөлімшемнің атынан өнер көрсеттім, сол кезден бастап осы спорт түріне әуестігім оянды, - деді ҚР ҚК капитаны, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ОСК аға жаттықтырушысы 39 жастағы Максим Губарев, мен өз қарамағымдағы адамдармен бірге жаттығамын. Спорт - менің өмірлік ұстанымым. Менің ойымша біз жастарға үлгі бола білуіміз қажет. Қолымнан келгенінше азаматтық жарыстарға қатысамын. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін жаман әдеттерден бойымды аулақ ұстаймын. Жалпы, біздің отбасымызды спорттық отбасы деуге болады. Жұбайым - биатлоннан бұрынғы Азия чемпионы, үлкен ұлым жүзумен айналысқан, кенжем әлі кішкентай, алайда болашақта ол да салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа етене жақын боларына сенемін. Баршаңызды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырамын!