Сұңғақ бойлы ойыншымыздың сұхбаты

Сұңғақ бойлы ойыншымыздың сұхбаты

Бүгін Бақ өкілдері Жоғары лигада және Қазақстан чемпионатында «Қарағанды» баскетбол командасының алғашқы ашық жаттығуын тамашалаған болатын. Спортшыларымыз үшінші орынды иеленіп, мамандар мен қарсыластарын таң қалдырмай қоймады. Турнирдің үздік ойыншысы атанған Николай Мухадан сұхбат алу кезінде БАҚ өкілдері үшін микрофонды ұстап тұру қиынға түсті. Себебі, үздік ойыншымыздың бойы 2 м 10 см! Мұндай сәтті ойынның нәтижесі тек жағымды әсерлер қалдырдығанын айта кетейік. Жақында құрылған «Қарағанды» баскетбол клубының басшылары мен ойыншылары ел чемпионатының келесі маусымында «күміс» жүлдені иеленіп, Ұлттық лигада өнер көрсетуді көздеп отыр. Сондай – ақ, олардың болашақ жұлдыздарымызды тәрбиелеу міндетін басты назарға алатынын айта кету қажет. Клуб командаларында Қарағанды облысының әр аймағынан келген үздік баскетболшылар өнер көрсетеді, онда легионерлер жоқ, ал нәтиже қазірдің өзінде бар екенін мақтанышпен айта аламыз.