Алан Курмангалиев – нағыз чемпион!

Алан Курмангалиев – нағыз чемпион!

Алматыда үстел теннисінен 2006 ж.т. және жасы одан кіші спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикалық біріншіліктің қорытындысы бойынша қарағандылық Алан Курмангалиев төрт алтын медальді жеңіп алды. Ол жеке біріншілікте ең мықты болып, топ жарды. Жұптық сында Амир Торгайбековпен, аралас сында Виктория Мочалкинамен және командалық есепте үздік атанды. Біздің жас жұлдызымыз үстел теннисінен тағы да еліміздің абсолютті чемпионы атанды! Облыс құрамасының басқа мүшелері де тамаша өнер көрсетті. Қарағандылықтар барлығы бес алтын, екі күміс және қола медальды қанжығаларына байлады. Командалық есепте біздің ұл қыздарымыз бірінші орынға ие болды. Амир Торгайбеков пен Вика Мочалкина да жекелей сында "күміс " жүлдені иеленсе, Екатерина Охмак осы сында "қоланы" жеңіп алды.