Біздің спортшылар топ жарды!

Біздің спортшылар топ жарды!

25-29 наурыз аралығында Қарағандыда  «А. Степаненко олимпиадалық резерві» мектеп-клубының гимнастикалық залында спорттық акробатикадан ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы қаласы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының өкілдері қатысты. Барлық бақ сынаған 73 спортшы еліміздің мықты спортшылары деуге тұрарлық. Жарыс бағдарламасында жаттығулардың үш түрі  -  баланстық, динамикалық және аралас түрлері болды.

Бүгін чемпионаттың шешуші күні болды. Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері керемет өнер көрсетті! Бірінші орынды Рудакова Александра мен Талгат Дамира (әйелдер жұбы), Диль Даниель мен Шуляр Вадим (ерлер жұбы), Мелешко Руслан мен Халабурдина Русалина (аралас жұптар) иеленді. «Әйелдер тобы» санатында күміс медальдарды Биржанова Адель, Алдабергенова Гүлара және Кузнецова Полина жеңіп алды. Біздің акробаттарымыз топ жарды! Үздің спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын шын ниетімізбен құттықтаймыз!

Видеода Руслан Мелешко мен Русалина Халабурдинаның сөйлеген сөзі.