Бірінші маусымда «қола» жүлде қанжығаға түсті.

Бірінші маусымда «қола» жүлде қанжығаға түсті.

Щучинск қаласында Жоғары лига ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының шешуші алтыншы туры өз мәресіне жетті. 2020/2021 маусымының чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.

Турнир 23 қазанда басталды  қорытынды орындар Тұрақты чемпионат нәтижелері бойынша анықталды. Алты команда 24 кездесу өткізді. Жоғары лига дебютанттары - "Қарағанды", – бірінші маусымда 17/7 нәтижесіне қол жеткізіп, тамаша өнер көрсетті. Осы нәтиженің арқасында біздің команда Жоғары лига чемпионатының қола медалін жеңіп алып, спорт шеберлері мен қарсыластарын таңдай қақтырды. Қарағандылық жаңа спорт майталмандары үшін бұл керемет нәтиже! Сонымен қатар, турнирдің үздік бес ойыншысы анықталып, марапатталды. Олардың қатарында "Қарағанды" командасынан Николай Муха да бар.

Баскетболдан Жоғары лига чемпионатында бірінші орын Петропавлдық "Барсқа", күміс жүлде Шымкенттік "Қазығұртқа" бұйырды.