Көптен күткен жарыс...

Көптен күткен жарыс...

Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерін, әсіресе ат спортын дамыту биылғы жылы дене шынықтыру басқармасы үшін басым міндеттердің біріне айналды. Бұл міндеттін орындалуы маңызды оқиғадан басталды - біздің өңірде көкпардан аға жаттықтырушы Нуржан Шайхин тағайындалған еді, ол көптен бері осы игі іспен айналысуға бел буған. Бұл іске үлкен ынтамен, кәсібилікпен қарады. Ұзақ уақыттан бері бұл жарыс алғаш рет өңір аудандарынан келген үміт күттірерлік көкпаршыларға арнап оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды.

- Бір апта бойы олар Үштөбе ауылының маңындағы "Бәйтерек" базасында өз шеберліктерін шыңдады, - деді Нұржан Шайхин. - Бұл жиындардың басты мақсаты-29 наурызда Таразда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық.

Өкінішке қарай, біздің облыс мұндай біріншіліктерде соңғы орындарды иеленетін еді. Биыл біз команда алдына бірінші лига рейтингінде мүмкіндігінше соңғы орыннан жоғары көтерілу міндетін қойдық.

Көкпаршылар жиынына облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Ол ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, қазіргі кезде болып жатқан оң өзгерістер міндетті түрде республикалық жарыстардың нәтижелеріне әсер етуі тиіс деп үміттенетінін айтты.

- Чемпионат алдында біз Таразда тағы бір жиын өткізетін боламыз. Әрине, лайықты өнер көрсете аламыз деп үміттенеміз. Облыс әкімдігі, дене шынықтыру және спорт басқармасы бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр, соның арқасында біз шабыттанып, жеңіске деген құлшынысымыз одан әрі жандана түскендей. Сонымен қатар, енді аудандарда жаңа, білімді жаттықтырушылар жас көкпаршыларды жаттықтырып, біздің өңірде осы спорт түрін дамытатын болады. Ортақ күш - жігерімізбен жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін, - деп атап өтті Нуржан Шайхин.