Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы облыстық студенттік онлайн спартакиадада жеңіске жетті

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы облыстық студенттік онлайн спартакиадада жеңіске жетті

– Біз екінші орынға ие болдық – бұны да жақсы көрсеткіш деп білеміз, - деп атап өтті Медицина университеті құрамасының мүшесі Каримжон Шамшиев, - мен екінші курста оқимын, жақсы хирург боламын деп үміттенемін. Жастайымнан спортпен айналысамын, әсіресе бокспен әуестенемін. Мен барлығына салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға кеңес беремін, бұл, әрине, тұлғаның мінез-құлығын тәрбиелеуге және алдыға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі. Спартакиадаға қатысып, Президенттік көпсайыста университетімнің намысын қорғадым. Шаңғымен жақсы жүгіріп 28 рет тартылып, жақсы нәтиже көрсеттім. Жалпы, командамның намысын қорғап, жерге қаратпауға тырыстым. Біз болашақ біріншіліктерде  ҚарМУ-ды жеңеміз деген үміттемін...

Айта кетейік, Е.А. Бөкетов атындағы университет 2014 жылдан бастап дәстүрлі студенттік спартакиадаларда бірінші орындарды иемденіп келеді. 2020 жылы ҚЭУ командасы төртінші орынға жайғасты. Бұл жолы Экономикалық университет командасы үшінші болды. Бүгін студенттік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында өз марапаттарын алды.

«Келесі жылы спартакиадаға міндетті түрде қатысатын боламын, ол енді онлайн режимінде өтпейді деп үміттенеміз», - деп атап өтті ҚМУ екінші курс студенті.