Үш қарағандылық жеңімпаз!

Үш қарағандылық жеңімпаз!

Талдықорғанда 24-28 ақпан аралығында жауынгерлік және спорттық самбодан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған барлық өңірлерден мықты спортшылар қатысты. Қарағанды облысының құрамасы спорттық самбодан алты медаль - үш алтын және үш күміс жеңіп алды. Қазақстан чемпиондары Айдын Дартаев (79 кг), Рахат Жананиет (64 кг) және Ажар Салыкова (65 кг) болды. Күміс медальдарды Ақжігіт Оралов (+98 кг), Мөлдір Нұрланбек (+80 кг) және Маргарита Бажаева (50 кг) жеңіп алды.

Қарағанды облысының майталмандары жауынгерлік самбодан да тамаша өнерлерімен көзге түсті:

Измуханов Чингиз (2 орын, 98 кг);

Елеубеков Ерасыл (3 орын, 53 кг);

Чаймардан Жақсылық (3 орын, 58 кг);

Жезболатов Бауыржан (3 орын, + 98 кг);

Котин Сергей (3 орын, 88 кг).