Ертең, 2 наурызда, «Шахтер» мен «Астана» командалары арасында OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы-2021 жартылай финалдық матчы өтетін болады. Бұл матч сағат 15.00-де басталады

Ертең, 2 наурызда, «Шахтер» мен «Астана» командалары арасында OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы-2021 жартылай финалдық матчы өтетін болады. Бұл матч сағат 15.00-де басталады

Айта кетейік, турнир Түркістандағы жаңа стадионда өтеді. Келесі күні (3 наурыз) осы аренада «Қайрат» пен «Тобыл» кездеседі. Жартылай финалдан ұтылғандар 5 наурызда үшінші орын үшін күреседі, ал жеңімпаздар 6 наурызда шешуші матчта Суперкубок иесін анықтайтын болады.

Айтпақшы, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нурбек Нышанов Қазақстан Суперкубогының матчтарын жанкүйерлердің қатысуымен өткізуге рұқсат берді. Жаңа қаулыға сәйкес стадионның толтырылуы 30% - дан аспауы керек. Бұл стадионға 7 мың көрермен сыяды.

«Шахтердің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Али Алиевтың шәкірттері 27 ақпанда Қарағандыда елордалық «Астанаға» қарсы матчқа дайындық ретінде оқу-жаттығу жиындарын өткізді. «Шахтер» ФК ресми сайтында «Барлық футболшылар алдағы ойынды асыға күтіп, жақсы футбол көрсетіп, өз жанкүйерлерін қуантуға ниетті», - деп атал өтілген.