23 отбасы қатысқан онлайн турнирдің үздіктер анықталды!

23 отбасы қатысқан онлайн турнирдің үздіктер анықталды!

18-21 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Спорттық отбасы - салауатты ұлт" біріншілігі өтті. Жарысқа отбасы мүшесінде анасы, әкесі және 12 жасқа дейінгі баласы бар кез келген отбасы қатыса алады.

Бұл отбасылық сайыстар қатарына 3 жаттығу түрі, яғни орнынан ұзындыққа секіру, Джампинг Джек және пресс жаттығулары кірді! Барлық қатысқан 23 отбасы ойдағыдай өнер көрсетті деп айтуға тұрарлық.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлық үш жаттығудың нәтижелері бойынша анықталды. Нәтижесінде бірінші орынды Қарағандыдан келген Казаниндер әулеті - Степан, Светлана және олардың қызы Валерия алды. Айта кетейік, бұл әулеттің иесі Степан бір орыннан ұзындыққа секіруден 2 м 66 см-ге секіріп, тамаша нәтиже көрсетті. Қазаниндер әулетін жеңісімен құттықтаймыз! Иваненко Юрий, Наталья және Абай ауданының Топар ауылынан келген 12 жастағы Арсений де үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынды иеленді. Саран қаласынан Крахмалевтер отбасы үшінші орынға ие болды. Бес жасар Варвараның анасына тапсырманы орындауға қалай көмектескенін ескеретін болсақ, әрине, бұл отбасыны осы жүлделі орынға әбден лайық деп айтуға болады.  Бұл кішкентай бүлдіршін қолынан келгенінше тырысып, бұл жаттығуды 30 секундта 10 рет жасап үлгерді. Әкесі Анатолий қызынан бір ұпайға озып кетті. Алайда анасы Олеся 17 рет жасап, өз отбасы мүшелерінің арасында ең жақсы нәтиже көрсетті.

Жарысты ұйымдастырушылар - Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және жеңіл атлетикадан ОРМБЖМ-і  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайды және барлық қатысушыларға алғыс білдіреді! Барлығы да үлгі боларлықтай отбасы!