Алан Құрманғалиев жас ерекшелігі бойынша үстел теннисінен рекорд орнатып, Қазақстан чемпионы атанды!

Алан Құрманғалиев жас ерекшелігі бойынша үстел теннисінен рекорд орнатып, Қазақстан чемпионы атанды!

Кеншілер қаласында өткен жеке, жұптық, аралас разрядтағы ақтық жекпе-жектер бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.  «Saryarqa» үстел теннисі Орталығында теннисшілер өзара мықтыны анықтады.
Бірінші-14 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев 2012 жылы 15 жасында чемпиондық олимпиаданы жеңіп алған Кирилл Герасименконың (Нұр-сұлтан) рекордын жаңартса, Екінші рекорд - Сарвиноз Миркадирова (15 жас, Шымкент) әйелдер арасындағы жеке есепте ең жас алтын медаль иегері атанды. Чемпиондардың финалдық кездесулерінен кейін Алан мен Сарвинозды (суретте) Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Адбулгазин құттықтап, спортшыларға алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруын тіледі. Үшінші рекорд - ел чемпионатының финалында алғаш рет 48 жастағы кіші ракетка шебері қарағандылық Марат Суртубаев жұптық сында екінші орын алды. Біздің спортшыларымызды Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Ерлер жұбы:

1 орын: Тимур Кельбуганов (Алматы), Эрик Райтер (Қарағанды);

 2 орын: Самат Бейсенов (Алматы), Марат Суртубаев (Қарағанды);

 3 орын: Бекулан Жамал - Ирисбек Артукметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжигуловтар (Орал).

Әйелдер жұбы:

1 орын: Анель Бахыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы);

2 орын: Гулчехра Хусейнова (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Зауреш Акашева (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды).

Аралас жұп:

1 орын: Айдос Кенжигулов (Орал), Анель Бахыт (Шымкент);

2 орын: Эрик Райтер (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Сагантай Курмамбаев (ШҚО) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зауреш Акашева (Қарағанды).

Ерлер арасындағы жекелей бәсеке:

 1 орын: Алан Қурмангалиев (Қарағанды);

2 орын: Дастан Кенжигулов (Орал);

3 орын: Ирисбек Артукметов (Шымкент)

3 орын: Айдос Кенжигулов (Орал)

Әйелдер арасында жекелей бәсеке:

1 орын: Сарвиноз Миркадирова (Шымкент);

2 орын: Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Гулчехра Хусейнова (Орал).

3 орын: Алсу Сапарова (Орал)