Әйелдер құрамасы - алтын, ерлер құрамысы – күміс жүлде иегері атанды!

Әйелдер құрамасы - алтын, ерлер құрамысы – күміс жүлде иегері атанды!

Қарағандыда "Saryarka" үстел теннисі Орталығында Қазақстан чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. 13 қаңтарда командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер иегерлері анықталды. Қарағанды облысының әйелдер құрамасы республикалық біріншіліктің алтын медалін қанжығаларына байлады. Олар: Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Ашкеева, Жанерке Кошкумбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушы Эльмира Алиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский – өз істерінің нағыз шебері екенін дәлелдеді. Біздің өңіріміздің ерлер құрамасы - Эрик Райтер, Владислав Захаров, Алан Курмангалиев, Темірлан Ким, Амир Торгайбеков, Қазақстан чемпионатында екінші орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінгенін атап өткіміз келеді.

«Кіші ракетка шеберлері бұл чемпионатты асыға күтті. Өйткені, оларда он ай бойы жарыс жаттығулары болмаған еді. Жарыстың әлемдік деңгейдегі біріншіліктерді өткізуге барлық жағдай жасалған заманауи орталықта өтіп жатқаны қуантады. Іріктеу турнирінің және ұлттық чемпионатының нәтижелері бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан құрама командасының құрамы бекітілетін болады. Ақпан-наурыз айларында бізде маңызды жарыс - Токио Олимпиадасына Азия және Әлемдік іріктеу турнирлері жоспарлануда, ондағы ең басты міндетіміз - лицензия алу болып табылады», – деп үстел теннисі бойынша ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы әрі Қарағанды құрамасының тәлімгері Эльмира Әлиева атап өтті.

Қазақстан чемпионаты жеке, жұптық және аралас разрядтарда жалғасын табады. Бұл жарыста да қарағандылықтар үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдіміз.