Жүлдеден үміттіміз!

Жүлдеден үміттіміз!

Бүгін, 11 қаңтарда Дохада (Катар) дзюдодан алғашқы «Masters» халықаралық турнирі басталады. Бұл халықаралық жарыс үш күнге созылатыны белгілі болды. Оған қатысуға 70 елден 400-ден астам дзюдошы өтінім берді. Қазақстанның намысын қорғау үшін Елдос Сметов, Гусман Қыргызбаев, Елдос Жумаканов, Ерлан Серикжанов, Дидар Хамза және жерлестеріміз Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев өнер көрсетеді. Жекпе-жектің  онлайн көрсетілімін «Qazsport» телеарнасынан және Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтынан Нұр-сұлтан уақыты бойынша 20:00-де көруге болады.

Жарыстың алғашқы күнінде (11 қаңтар) татамиге 60 және 66 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер шығады. Бірінші күні Елдос Сметов, Гусман Кыргызбаев, Елдос Жумаканов  және Ерлан Серикжанов атты спортшыларымыз өнер көрсететін болса, турнирдің екінші күні ел намысын қорғауға 73 және 81 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекке Жансай Смағұлов пен Дидар Хамза шығатын болады. Жарыстың соңғы күнінде 90, 100 және +100 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер бақ сынайды. Дзюдошыларымызға сәттілік тілейміз және жарқын жеңістерімен қазақ жанкүйерлерін қуантатынына сенеміз. Еске сала кетейік, Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасына қатысуға үміткер спортшылар болып табылады.