Қарағандыда еліміздің ең мықты спортшылары «Saryarka» жаңа үстел теннисі Орталығын сынап көрмекші

Қарағандыда еліміздің ең мықты спортшылары «Saryarka» жаңа  үстел теннисі Орталығын сынап көрмекші

Қаңтар айында Қарағанды қаласында үстел теннисінен екі бірдей ірі турнир өтеді. 7-10  қаңтар күндері «Saryarka» үстел теннисі Орталығында Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу бәсекесі ұйымдастырылады. Ал 11-17 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтетін болады.

Ғаламдық індет COVID-19-ға байланысты бірнеше айдан бері жарысқа шықпаған спортшылар кеншілер ордасында бас қоспақ.

Облысымыздың намысын қорғау үшін құрама команданың үздік спортшылары өнер көрсететін болады: Жас спортшы Алан Құрманғалиев, талантты, әрі болашағы зор Владислав Захаров, Эрик Райтер, Қазақстан чемпионаты мен халықаралық турнирлердің жеңімпазы Зәуреш Ақашева. Республикалық біріншіліктің командалық және аралас сынында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен өзге де облыс орталықтарының теннисшілері бақ сынайтын болады.  

Ел намысын жоғары қоятын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!