30 желтоқсанда дене шынықтыру және спорт басқармасында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен 2020 жылдың қорытындысы шығарылды

30 желтоқсанда дене шынықтыру және спорт басқармасында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен 2020 жылдың қорытындысы шығарылды

2020 жылы көптеген жарыстар тоқтатылуына байланысты спортшылар халықаралық ареналарда өтетін жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айырылғаны рас. Десе де, біз жаңа жағдайда жұмыс істеуге үйреніп те қалдық. Сондықтан, қорытынды іс-шарада пандемия кезінде спорт саласында қандай жұмыс атқарылғандығы және осындай қиындыққа толы жылы кім ерекшеленгені туралы айтылды. Мекеме басшысы Темірхан Абылаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады. ДШжСБ-ның "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру туралы шағын фильмі көрсетілді. Осыдан кейін Абзал Нүкенов барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, табысты нәтижеге қол жеткізгені үшін және Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Еуротурнир – Конференция Лигасына қатысу құқығын жеңіп алғаны үшін «Шахтер" футбол клубына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.  Сондай - ақ, Абзал Нүкенов пандемия кезінде спорт жұмысын үздік ұйымдастырғаны үшін «Осакаров аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне» және «Теміртау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі  мемлекеттік мекемелеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, пандемия кезінде жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін Велосипед спорты бойынша Олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер облыстық мамандандырылған мектебі», «Гимнастикадан мамандандырылған  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», «Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектептері» марапатталды.   Пандемия кезінде жұмысты ұйымдастырғаны үшін "Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясы" ҚБ, "Қарағанды облыстық бокс федерациясы" ҚБ, "Қарағанды облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" ҚБ, "Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы" ҚБ, "Қарағанды облысының теннис Федерациясы" ҚБ, "Қарағанды облысының дзюдо федерациясы" ҚБ, "Қытайлың жауынгерлік өнері ушу және кунг фу федерациясы" ҚБ және "Абадан" спорт клубының жетекшісі Нұрлан Қалтаевқа берілді. Оларға алғыс хаттарды спорт қайраткері Нұрғазы Жарылғапов табыс етті. "Облыс спортының өмірін БАҚ-та үздік жариялағаны үшін "5 арна" тілшісі және жүргізушісі Бекежан Ардақұлы, "Сарыарқа" телеарнасының журналисі Ботабек Тілегенов, "Индустриальная Караганда" газетінің  тілшісі Светлана Сбродова және Екараганда порталының тілшісі Екатерина Скорнякова марапатталды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін Облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер кешенді спорт мектебінің  өкілі Ысқақов Қанатбекке алғыс хат табыс етілді.