«Күміс» жүлде иегері атандық!

«Күміс» жүлде иегері атандық!

Халықаралық (FINA) жүзу федерациясы тұңғыш рет аралас жұптар арасында көркем (мәнерлеп) жүзуден алғаш рет қашықтықтан әлемдік Artistic Virtual Challenge  жүзу турнирін өткізді.

Оған АҚШ, Мексика, Корея, Израиль, Жапония және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Теміртау жүзу мектебінің тәрбиеленушілері Яна Шевченко мен Виктор Друзин  халықаралық чемпионатта өздерінің жас санаттары бойынша (13-15 жас) күміс медальді қанжығаларына байлады.

- «Біз, әрине, бар күшімізді салдық, бірақ әлем чемпионатының жүлдегері боламыз деп ойлаған жоқпыз. Өйткені, үлкен бәсекелестік болды және құрлықта, виртуалды сумен өнер көрсету таңғаларлық жағдай", - дейді жұп жаттықтырушысы Анна Фаренбрух.

Бірақ, балалар тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Біз жарадық! Бізді уайымға салған бір жайтты айта кетеу керек. Біз бейнеролик жасап, ағылшын тілінде толтырылуы тиіс құжаттарды толтырып, енді жіберер кезде, музыканы белгілі бір сайттан ғана қосуға болатынын білдік.

Ол кезде қатысу өтінімдедін қабылдау аяқталуына үш сағат қана қалған кез еді. Біз қалай уайымдағанымызды білсеңіз ғой. Соңында, бағымызға орай, үлгердік.

Бұл жұп, мәнерлеп жүзу өнеріне жақында ғана келген еді. «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп- интернат-колледжінің» түлектері  Яна Шевченко мен Виктор Друзин жұптары өздерінің жас санатында жалғыз, әрі жүзу өнерінде жақында ғана пайда болған. «Бірақ бұл жұп өте талантты және болашағы жарқын», - дейді Анна Фаренбрух.

- «Бастапқы кезде ұялып, бір бірімізге жалтақтап қалатын кездер болатын, бірақ соңында бәрі реттелді. Болашақта шетелдік жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие боламыз деп үміттенемін», - дейді Яна.

Айта кетсес, 25 желтоқсанда дене шынықтыру және спорт басқармасында «Жүзуден  мамандандырылған олимпиадалық резервтегі облыстық спорт  мектебінің» түлегі Яна Шевченкоға және одан бөлек  алты тәрбиеленушіге "ҚР спорт шебері" атағына ие болғанын растайтын куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.