Бүгін Ақтау қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионатында 100 келіге дейінгі санаттағы ерлер арасында медальдар ойнатылған болатын. Бұл байқауда Қарағанды қаласының тұрғыны Ислам Бозбаев үздік атанды. Финалда ол Қызылорда облысының өкілі Айбек Серікбаевты жеңіп, жеңімпаз атанды.
Еске сала кетсек, осы чемпионатта Қарағанды облысының ұлттық құрамасының қоржынына ең бірінші алтын медальді әкелген 73 келіге дейінгі санаттағы Жансай Смағұлов болатын.