Қарағандыдан Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер Қазақстан чемпионы атанды

Қарағандыдан Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер Қазақстан чемпионы атанды

Алматы қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында жұп оқ атудан республикалық біріншілік өтті. Аталған жарыстар алғаш рет электрондық нысана бойынша өткізілді. Қатысушылар арасында: Паралимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алуға үміткерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшелері бар. Солардың бірі – спорт шебері қарағандылық Айдос Жылқышынов. Жерлесіміз «Мылтық, R-4 mix жаттығуы» пәні бойынша 627,7 ұпай жинады, ол күміс жүлдегерді 24,7-ге озып өтіп, алтын медальді жеңіп алды. Дегенмен де, паралимпиадалық норматив 618 ұпайды құрайды. Осындай жетістікке жеткен Айдос Жылқышыновты рекордтық нәтижесімен құттықтаймыз!

Тағы да қуанышты жаңалық, қарағандылық бес спортшы: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Рақымбекова (жүзу), Айдос Жылқышынов (оқпен ату) және Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) алдағы Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер атанды.