Эльмира Сыздықова мен Валерия Гончарова Қазақстан чемпиондары атанды!

Эльмира Сыздықова мен Валерия Гончарова Қазақстан чемпиондары атанды!

«Мен қыздарымыздың өнеріне ризамын. Алматыдан үйге жақсы көңіл-күймен ұшамыз»,- деді Қарағанды облысының әйелдер күресінен аға жаттықтырушысы Владислав Сутормин.

Оңтүстік астанада ел чемпионатының алтын медалін жеңіп алған Эльмира Сыздықова (76 кг.) мен Валерия Гончарова (72 кг.), сондай-ақ екінші орын алған Зульфия Яхярова (55 кг.), Жәмиля Насырова (72 кг.) және өз салмақ дәрежесінде үшінші болған Инкара Жанатаева (76 кг). бапкерді және күрес жанкүйерлерін қуантты. Құттықтаймыз! Еске сала кетейік, Эльмира Сыздықова Токио олимпиадасына қатысуға лицензия алған болатын.