Теміртау қаласының спорт мектебінің тәрбиеленушісі Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионатында оқ атудан үш медаль жеңіп алды

Теміртау қаласының спорт мектебінің тәрбиеленушісі Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионатында оқ атудан үш медаль жеңіп алды

Республикалық біріншілік Шымкентте өтті, оған еліміздің әр өңірінен келген 120 мықты спортшы қатысты. Чемпионатта бәсекелестік жоғары болды. Дегенмен, бұл Теміртау қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің өкілі Ольга Аксеноваға пневматикалық пистолеттен ату жаттығуында чемпион болуға және екі формадағы ұсақ калибрлі қарумен атудан күміс және қола медальді жеңіп алуға кедергі келтірмеді. Айта кету керек, бұл спорт түрі спортшының жас ерекшелігіне тікелей байланысты, яғни спортшылар, әдетте, орта жасқа жеткенде ғана айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізеді. Алайда, 1998 жылы туған Ольга Аксенова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып үлгерді, ал 2018 жылы Әлем кубогы кезеңінде ол сегізінші орынға ие болды.  

- Болшағынан көп үміт күттіретін спортшы, - дейді оқ атудан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Валерий Павлович Ковалев, -бірақ мен Қазақстан чемпионатында біздің құрама мүшелерінің өнер көрсету нәтижелеріне көңілім толмады, айтарлықтай көп медаль жеңіп алуды жоспарлап едік. Мен Ольгаға да сенім арттым, - деп атап өтті өте талапшыл және ең тәжірибелі тәлімгер – оқ ату бойынша біздің өңірдің кәсіби маманы.

Әйтсе де, біз Ольга Аксенованы жеңісімен құттықтаймыз! Айтпақшы, Валерий Павлович өзінің тағы бір шәкірті – 2002 жылы туған Екатерина Мацугинаны атап өтті. «Өте талантты. Ол өткен чемпионатта пневматикалық пистолеттен оқу ату бойынша жаттығулардың бірінде төртінші орын алды. Оған үлкен үміт артамыз», - деді жаттықтырушы.

«Неге тек қыз-балалар?», - деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің облыстың атынан жігіттер да жарысқа қатысты, бірақ олар өз қабілеттерін толық көрсете алмады, қандай да бір жәйт олардың жетістікке жетуіне кедергі келтірді.

- Пандемиямен байланысты барлық жағдай түзеледі деп үміттенеміз, біз келесі жылдың ақпан айында өтетін командалық чемпионатқа және келесі жылдың наурыз айында өтетін Жастар ойындарына дайындалып, жақсы өнер көрсетеміз, - деп қорытындылады облыстың аға жаттықтырушысы.