Біздің ауыр атлеттер Қазақстан чемпионы атанды!

Біздің ауыр атлеттер Қазақстан чемпионы атанды!

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық онлайн жарыстардың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушілері тоғыз медаль жеңіп алды. Чемпионатқа Нұрсұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының және 14 облыстың командалары қатысты. Барлығы 200-ден астам ауыр атлет.

20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы біріншілікте біздің жерлестеріміз – Артем Антропов, Айша Омарова және Любовь Ковальчук алтын медальға ие болды. Үшінші орынды Яна Петровская иеленді. Олар және жас әрі болашағынан зор үміт күттіріп отырған Облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті! Алтын медальдарды Артем Антропов пен Айша Омарова жеңіп алды. Екінші орынды Любовь Ковальчук пен Кирилл Староверкин иеленді. Қола жүлдеге Яна Петровская лайық деп танылды. И.С.Снегуровты, Н.Н.Снегуровты, Г.А.Лактионовты, С.Ф.Цойды, Е.И.Яловты, А.С.Кирюхинді және олардың жаттықтырушыларын  жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатта тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Тағы да қуанышты жаңалық! Аталған спортшылар биылғы жылдың 21 қарашасында басталатын ересек ауыр атлеттер арасындағы республикалық онлайн біріншілікке қатысатын болды. Жас спортшыларымызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Антон Антропов 2019 жылы жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алды. Бұған қоса, сол жылы Қазақстан біріншілігінде ол жеті (!) рекорд жасады: жұлқудан – 155 кг., жұлқи көтеруден – 205 кг. және қоссайыс сомасы бойынша – 360 кг. Көрсетілген түрлердегі әрбір тәсілдің нәтижесімен ол еліміздегі алдыңғы қатарлы үздік спортшы екенін дәлеледі.