Қарағанды командасы бірінші орынға ие болды!

Қарағанды командасы бірінші орынға ие болды!

Ағымдағы жылдың қараша айының 7-8 күндері аралағында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске алуға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында спорттың төрт түрін қамтитын сайыспен ХV республикалық матчтық кездесу онлайн режимінде өтті. Оны Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа әр мектептің атынан 12 адам: 2007-2008 жылдары туылған алты ұл бала мен және алты қыз бала қатысты. Биылғы жылы онлайн біріншілікке Израиль, Беларусь, Украина, Испания және Тәжікстан өкілдері қатысқан болатын. Және де, Павлодар, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларынан қазақстандық жас спортшылар қатысты. Барлығы 200-ге жуық спортшы. Олар 60 метрге жүгіруде, ұзындыққа және биіктікке секіруде, кросста жарысты.

11 қараша күні Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында турнирдің жабылуы өтті. Біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен грамоталар табыс етілді. Шетелдік спортшылар мен Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жеңіл атлеттерге марапаттар мен алғыс хаттар пошта арқылы жіберілетін болады. Бәсекелестікке қарамастан, ұлдар мен қыздар арасында командалық есепте Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері бірінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Матчтық кездесудің қорытындылары

Қыздар арасында командалық есепте:

1 орын – Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

2 орын – Могилев қаласының спорт мектебі (Беларусь);

3 орын – Николаев қаласының спорт мектебі (Украина).

Ұлдар арасында командалық есепте:

1 орын - Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының спорт мектебі;

3 орын – Шымкент қаласының спорт мектебі.

Қыздар арасында жеке есепте:

1 орын – Ксения Луценко (Николаев қаласы, Украина);

2 орын – Арина Нұрғалиева (Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі);

3 орын – Арина Малюгина (Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан  олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі).

Ұлдар арасында жеке есепте:

1 орын – Юрген Дунаев (Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі);

2 орын – Нұржан Сейдрахман (Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі);

3 орын – Иван Слепцов (Могилев қаласының спорт мектебі, Беларусь).