Қарағанды командасы спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды

Қарағанды командасы спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионатында  үшінші орынға ие болды

Ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілік Алматы қаласында үстіміздегі жылдың қараша айының 3-8 күндері аралығында өтті. Оған Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының спортшылары қатысты. Жарыс: жылдамдық, қиындық, боулдеринг және көпсайыс төрт түрі бойынша өткізілді. Көпсайыста жеке есепте қарағандылық жерлесіміз Алексей Молчанов қола медальді жеңіп алды.

- Біздің командалар жас, әсіресе әйелдер командасы өте жас. Біздің 16-17 жастағы тәрбиеленушілеріміз: Азат Майкотов, Вадим Ишмухаметов, Артем Медведев облыстың ерлер құрамасына кірді. Әйелдер құрамасында «Жалын» мектебінің өкілдері: Танзила Оспан, Елизавета Литус, Алина Пономарева және Вероника Плаксиналар жеңіс үшін сайысты. Өздерінің балауса жастарына қарамастан, жеткіншектер мақсат еткен ұпайларын жеңіп алды. Нәтижесінде Шымкент пен Алматы қаларының мықты қарсыластарын оздырып, Қарағанды облысының командасы үшінші орынға ие болды Алайда, мұның өзі  жақсы нәтиже! Өрмелеу бойынша спорт олимпиадалық жүйеге енгеннен кейін Қазақстан Республикасының ересектер чемпионаттарында жарысу қиындай түсті. Бірақ бұл жағдай жас спортшыларды сөзсіз ынталандырады. Біздің команда Қазақстанда жақсы бәсекелестік құра алады. Біз тәжірибелі жаттықтырушылар құрамымен мақтана  аламыз және облыстың спорт басқармасы басшылығы тарапынан қамқорлық пен қолдауға иеміз. Қарағанды облысының альпинистері әрдайым ұлттық құраманың құрамына кіреді және халықаралық ареналарда еліміздің намысын қорғап отыр. Біз Қазақстан Республикасының чемпионатында лайықты өнер көрсеттік, - деп атап өтті «Жалын» спорт мектебінің басшысы Майра Исаева.