Рекорд! Қарағандылық спортшылар жасөспірімдер арасындағы V Азия пара ойындарында 11 медаль жеңіп алды!

Рекорд! Қарағандылық спортшылар жасөспірімдер арасындағы  V Азия  пара ойындарында 11 медаль жеңіп алды!

Халықаралық жарыстар Дубайда өтті. 

Қазақстанның 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлдесі бар. Жалпы командалық есепте құрама  қатысушы 45 ел арасында бесінші орынды иеленді.

Бұл жетістікке қарағандылық спортшылардың сіңірген еңбегі зор. Біздің төрт жігіт 11 медаль жеңіп алды. Бұл дегеніміз рекорд!

Алдымен бізді пара жүзушілеріміз Ділназ Бейсекеева мен  Нұрдәулет Дүйсенбаев қуантты. Олар тоғыз қашықтықта жүлдегер атанды. Ділназ 200 м кешенді жүзуден үздік болды және 100 м брасс, 50 м еркін жүзу, 100 м баттерфляй  түрлерінен «күміс» жеңіп алды. Нұрдәулет 100 м баттерфляй, 100 м шалқалап жүзу, 100 м брасс, 200 м кешенді жүзу және 50 м еркін жүзу түрлерінен «алтын» алды.Азия ойындарының чемпиондары жүзумен тоғыз жыл бойы айналысады және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері болып табылады.

Пара жеңіл атлетикадан тағы бір «алтынды»  Қазақстанға Теміртау жоғары медициналық колледжінің оқушысы Карина Жұмабаева әкелді, ол 800 метрге жүгіруден бірінші болды. Ал, жасөспірімдер арасындағы  V Азия пара ойындарында бірінші орын алған Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті Ерзат Сайлау Қазақстан голбол құрамасының құрамында  тамаша ойнады. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Сергей Борисович Безгачев пен Елена Витальевна Асланованы рекордтық нәтижемен құттықтаймыз!