Біздің таэквондошылар Сурлимпиада ойындарында үш «қола» жеңіп алды!

Біздің таэквондошылар Сурлимпиада ойындарында үш «қола» жеңіп алды!

Қарағандылық спортшылар Аян Әбдіраш, Айжамол Абдикатова және Аида Макатова есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы басты жарыстың жүлдегерлері атанды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, Аян Әбдіраш – тамаша өмірбаяны бар бірегей спортшы. Сурдо таэквондодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы және екі әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Сурдлимпиада ойындарына үшінші рет қатысып отыр. Біріншісінде ол алтын медаль, екіншісінде «қола» жеңіп алды.

Әлем чемпионы Айжамол Абдикатова екінші рет Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Аида Макатова алдыңғы ойындарда бесінші орынды иеленген болатын. Бұл жолы ол ерекше спортшылар арасындағы басты жарыстың жүлдегері атанды.