«Сарыарқа» ойыншылары хоккейден Азия чемпиондары атанды!

«Сарыарқа» ойыншылары хоккейден Азия чемпиондары атанды!

Қарағанды командасының шабуылшылары Александр Борисевич пен Артем Лихотников, қорғаушылар Эдуард Михайлов пен Иван Степаненко, сондай-ақ дәрігер Иван Журбин мен массажист Вадим Пономарев Қазақстан құрамасына шақырылып, жаттығу жиындарынан кейін құрлықтық біріншілікке Пекинге аттанды. 20-23 қараша аралығында біздің құрама Азия чемпионатының барлық қатысушыларымен ойнады. Талғат Жайлауовтың басшылығымен Оңтүстік Кореяны (4:2) және Қытайды (5:1), содан кейін соңғы матчта Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандықтар Алматыда өткен құрлықтық біріншіліктің жеңімпаздары атанды.

Әрине, чемпионаттың басты ерекшелігі Иван Степаненконың алғашқы матчтағы хет-тригі болды. Ол Азия чемпионатының үздік қорғаушысы болып танылды. Біздің хоккейшілерді жеңісімен құттықтаймыз!