
«One nation – бір ұлт» ұранымен Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығының VI ойындары аяқталды. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы спорттың 16 түрінен барлығы 56 медаль жеңіп алды, оның 15-і алтын, 20-ы күміс және 21-і қола. Осы марапаттардың сегізі қарағандылық спортшылардың еншісінде.
Ислам ойындарында бірінші орындарды: джиу-джитсудан Алматай Жігер, каратэден Никита Тарнакин және үстел теннисінен командалық түрде Алан Құрманғалиев иеленді. «Күмісті» Любовь Ковальчук (ауыр атлетика), қола медальдарды: Артем Антропов (ауыр атлетика), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Ажар Салықова (джиу-джитсу) және гандболдан құрама сапындағы Кира Немтырева жеңіп алды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!