Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалар мен аудандар арасында «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасы басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалар мен аудандар арасында «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасы басталды

Мұндай қашықтықтағы ауқымды біріншілік Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Осы іс-шараны ұйымдастырушы – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады. Спартакиада қазан айының 14-18 күндері аралығында өтеді. Ең бастысы, оған өңірдің барлық тұрғындары – балалар, жастар, ересек жастағы спорт әуесқойлары, тіпті зейнеткерлер де қатыса алады. Таңдау үлкен: шахмат, дойбы, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика (жүгіру, орнынан секіру), күш гимнастикасы, пауэрлифтинг (жатып сығылып көтерілу), футбол (доппен жонглерлік ету) және гір спорты. Жүлделі орындарға ие болған қалалар мен аудандардың командалары грамоталармен, медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталады.

Бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында онлайн режимдегі «Zoom» платформасында «Saryarka» облыстық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, басқарма басшысы Темірхан Абылаев, жарыстың бас төрешісі Нұрлан Түсіпов және өңірдің барлық қалалары мен аудандарының өкілдері қатысты. Осы жылы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында орнатылған LED экранның арқасында бұл іс-шара ауқымды және қызықты көрінді. Трансляция басқарманың конференц-залынан жүргізілді.

- Мемлекетіміздің саясатындағы стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын ұлғайту болып табылады. Бұл спартакиада облыстың барлық тұрғындары қатысатындықтан, осы маңызды міндетті жүзеге асыруға жақсы үлес қосып отыр. Мұндай жарыстар дене шынықтыру деңгейін көтеруге, денсаулықты нығайтуға септігін тигізеді, әрине қазіргі пандемия жағдайында мұның маңызы аса зор. Спартакиаданың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тілеймін! - деп атап өтті Абзал Нүкенов.

Әзірге осы біріншілікте спорт түрлерінің әуесқойлары арасында өздерін көрсетуге шешім қабылдайтындардың санын дөп басып айта алмаймыз. Бірақ олар көп болады деп ойлаймыз және үміттенеміз, осы көрсеткіш спартакиаданың басты нәтижесі болмақ.