14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Гір спорты

14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Гір спорты

Жарыстар 2002 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер, 2002 жылы туылғандардан үлкен ерлер, жас шектеулері жоқ қыздар мен әйелдер арасында өткізіледі. Біріншілік қазан айының 14-18 аралығында сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін өтеді. Ерлер кеудеден бір салмақтағы екі гірді жұлқи көтеруден (5 минут), ал әлсіз жандар – бір гірді көтеруден (5 минут) жарысады.

Салмақ санаттары:

Ұлдар: 53-ке дейін, 63-ке дейін, 73, +73 кг.

Ерлер: 68 дейін, 78 дейін, 85, +85 кг.

Қыздар мен әйелдер: 58-ге дейін, 68-ге дейін, +68 кг.

Жарыстар жеке-командалық, әр салмақ санатындағы қатысушылардың саны шектелмеген.

Бейнекамера қатысушының алдында орналасуы керек, жартылай емес, толық биіктікте түсіру керек. Жаттығуды бастамас бұрын спортшы туу туралы куәлікті немесе жеке куәлігін көрсетеді, өзінің аты-жөнін, туған жылын және қай қала/ауданның атынан келгенін айтады, сонымен қатар электронды таразымен өлшенеді және нәтижесін көрсетеді, содан кейін жарысатын гір салмақтарын өлшейді. Түсірілім үздіксіз жүргізілуі және уақыт бойынша 10 минуттық шектеуден аспауы тиіс. Бейне мысалын (тұсаукесер, салмағын өлшеу және жаттығуды орындау) «Alex_giri_sport» Instagram аккаунтынан көруге болады.

Түсірілген бейне роликтерді қазан айының 14-18 күндері аралығында сағат 10.00-ден 16:00-ге дейін «spartakiada2020giri@mail.ru» электрондық поштасына немесе 77015093975 нөмердегі WhatsApp-қа жіберу керек.