14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Пауэрлифтинг (классикалық жатып көтеру)

14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Пауэрлифтинг (классикалық жатып көтеру)

Жарыс қазан айының 15-18 күндері аралығында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін өтеді.

15 қазан күні – барлық әйелдер санаты: 43, 47, 52, 57, 63,72, 84, +84 кг.

16 қазан күні – ерлер санаты: 53, 59, 66 кг.

17 қазан күні – ерлер санаты: 74, 83, 93 кг.

18 қазан күні – ерлер санаты: 105, 120, +120 кг.

Жарыстар жеке-командалық, әртүрлі салмақ санатындағы спортшылардың саны шектелмеген.

Біріншілікке келесі жас санаттары қатысады:

– ұлдар мен қыздар (2007-2002 ж. т.);

– ұл юниорлар мен қыз юниорлар (2001-1997 ж. т.);

– ерлер мен әйелдер (1996-1960 ж. т.);

- ардагерлер (60 және одан жоғары жастағылар).

Жабдықтар мен көмекшілер: көтеру сәкісі, зілтемір (белтемір, түрлі салмақтағы темір тілімдер), 20 кг. белтемір (ELEIKO, Ленинградка), сақтандыру үшін үш адам, бейне оператор.

Бейнекамера қатысушының сол жағында немесе оң жағында орналасқан, ішінара емес, бүкіл денені түсіреді. Жаттығуды орындау алдында спортшы туу туралы куәлігін немесе жеке куәлігін көрсетеді, өзінің аты-жөнін, туған жылы мен қай қала/ауданның атынан келгенін атайды, сондай-ақ электрондық таразыда өлшенеді және нәтижесін көрсетеді. Бүйірдегі сақтандырушы темір тілімдердің санын және олардың әрқайсысының салмағын көрсетеді.

Қатысушының нәтижесі бір тәсіл бойынша анықталады. Бейне мысалын (тұсаукесер, салмағын өлшеу және жаттығуды орындау) @Kgkp_oksduyssh Instagram аккаунтынан көруге болады.

Қатысушының бейне ролигі жарыс бағдарламасына сәйкес (салмақ санаттары бойынша) көрсетілген күндері 77021521410, 77781772106 WhatsApp нөмірлеріне жіберіледі. Бейне қатаң түрде жарыс күндері сағат 16.00-ге дейін жіберілуі керек.

Барлық жас санаттарындағы әр өңірдің алты үздік нәтижесі бойынша командалық есептеу жүргізіледі.