14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Президенттік көпсайыс

14 қазанда басталатын «Saryarka» облыстық онлайн спартакиадасына қатысыңыз! Президенттік көпсайыс

Жарыс қазан айының 15-18 күндері аралығында өтеді. Оларға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Біріншілік жеке-командалық.

15 қазан күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін күш гимнастикасы – 12-13, 14-15, 16-17, 18-20, 21-23 жастағы ұлдар, ерлер, белтемірге тартылу (орындау уақыты үш минут).

16 қазан күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін күш гимнастикасы – 24-34, 35-39, 40-49, 50-59, 60 және одан жоғары жастағы ер адамдар, белтемірге тартылу (орындау уақыты үш минут). 

17 қазан күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін күш гимнастикасы – 12-13, 14-15, 16-17, 18-20, 21-23 жастағы қыздар, әйелдер, арқада жатып денені бастапқы қалпында көтеру (орындау уақыты үш минут).

18 қазан күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін күш гимнастикасы – 24-34, 35-39, 40-49, 50-59, 60 және одан жоғары жастағы әйелдер, арқада жатып денені бастапқы қалпында көтеру (орындау уақыты үш минут).

Оператор қатысушының сол жағында немесе оң жағында болуы керек, спортшы толық көрінуі тиіс. Жаттығуды орындау алдында ол жеке басын куәландыратын және тұратын жерін растайтын құжатты көрсетуі қажет.

Бейнені жарыс бағдарламасына сәйкес (жас санаттары бойынша) тек жоғарыда көрсетілген күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін +77773058269 нөмердегі WhatsApp-қа жіберу керек.