Жарыстар chess.com сайтында үстіміздегі жылдың 14 қазанында сағат 19.00 басталады. Оған Қарағанды облысының қалалары мен ауылдық аудандарының барлық шахматшылары шектеусіз қатысуға жіберіледі. Командалық нәтижелер мәлімделген ойыншылардың ең жоғарғы төрт көрсеткіші бойынша шығарылады.
Жарыс швейцария жүйесі бойынша тоғыз турда өтеді – бір партияға үш минут, және қадамға екі секунд. Орындар жиналған ұпайлардың ең көп саны бойынша бөлінеді. Бірдей нәтиже болған жағдайда - chess.com. сайтында қабылданған қосымша көрсеткіштер ескеріледі.
Қалай тіркелуге және өтініш беруге болады? Әрбір қатысушы chess.com. сайтына кіруі керек. Сол жақтағы мәзірде «Sign Up» түймесін бассаңыз – тіркеу терезесі пайда болады. «Username» жолында ағылшын әріптерімен тегіңізді, төменгі бос орын, атыңызды теріңіз. Мысалы, Ысқақов Әлімжан «Username Iskakov_Alimzhan» деп жазылуы керек. Содан кейін қалған бағандарды толтырып, тіркелгі жасаңыз. Жүйеге кіргеннен кейін курсорды «Home» сөзіне апарыңыз, осы кезде жанында келесі ашылмалы мәзір пайда болады, «Profile» сөзін нұқыңыз. Енді сіз жеке профильдесіз. «Edit» батырмасын басыңыз, сонда сіздің жеке деректеріңіз пайда болады, міндетті түрде «First Name» – аты, «Last Name» – тегі, «Location» – сіз тіркелген қаланың немесе ауылдық ауданның атауын және қай команда үшін ойнайтыныңызды толтыру қажет. Бұл деректерді орыс тілінде толтыруға болады. Жарысқа қатысу үшін Karaganda клубына кіруге өтінім беру қажет. Мәзірде курсорды "Connect" сөзіне апарыңыз, ашылмалы мәзірде «clubs» сөзін нұқыңыз, іздеу жолына «Karaganda» клубының атын енгізіп, іздеуді нұқыңыз. Клубқа кіргеннен кейін клубқа кіруге өтініш беріңіз. Тікелей сілтеме www.chess.com/club/karaganda.
Жарысқа қатысу үшін басталардан бір сағат бұрын клубқа кіріп, «Saryarka» жарыстың атауын басу керек, «join» батырмасы пайда болады, оған басып, турнирге қосылу қажет. Партия автоматты түрде 19.00-де басталады. Турдың барлық партиялары аяқталғаннан кейін келесісі автоматты түрде басталады.
Жарысқа қатысуға өтінімдер 13 қазанды қоса алғанда e-mail: oleg.rinas@gmail.com беруге болады. Онда мыналар: тегі мен аты, логин chess.com, жынысы, туған жылы, разряды көрсетілуі керек.
Айтпақшы, компьютерде ойнау кезінде chess.com ойын сайтынан басқа барлық бағдарламаларды жабу керек. Қасыңызда жазбалар, не басқа электрондық құрылғылар болмауы керек. Сайт автоматты түрде ұзақ уақыт ғаламтор байланысы үзілген ойыншыға партиядағы жеңілісті есептейді. Егер сайттың өзінде ақаулар болса ше? Ондай жағдайда жеті тур ойналып, қорытынды шығарылады. Егер болмаса, турнир келесі күні қайта ойналады.