Он үш медаль жеңіп алдық!

Он үш медаль жеңіп алдық!

Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында XXXIV Qosanov Memorial өтті, оған 17 елден 214 жеңіл атлетші қатысты. Қарағанды облысынан жоғары спорт шеберлігі мектебінің он өкілі және Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің бір тәрбиеленушісі, барлығы 11 спортшы  өнер көрсетті. 13 медаль (!) жеңіп алынды, оның біреуі алтын, жетеуі күміс және бесеуі қола. Осы жарыста Аделина Земс ерекше көзге түсті, ол жолдастарымен бірге 4х400 м mixed эстафетадан бірінші болды,  400 м кедергілермен жүгіруден және 4х100 м. эстафетадан екінші болды.Марапаттарға ие болғандар:

Зубарев Милан-400 метрге жүгіруден «күміс»;

Ефремов Дэвид-110 м кедергілермен жүгіруден «күміс»;

Ефремова Мария- қатарынан үш рет секіруден және 4х100м эстафетадан «күміс»;

Земс Виталий-4х100м. эстафетадан «күміс» және 200 метрге жүгіруден «қола»;

Чистякова Алина-100 м кедергілермен жүгіруден мен 4х100 м. эстафетадан «қола»;

Прокудин Евгений-110 метрге кедергілермен жүгіруден «қола»;

Сафонова Валерия-4х100 м.эстафетадан «қола».

Бұл жарыстар әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие. Турнир Гусман Косановты еске алуға арналған. Г.Косанов - біздің аты аңызға айналған жерлесіміз,  КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Римдегі Олимпиада ойындарының (1960)  күміс жүлдегері. Ол 100 метрге жүгіруден Молдова, Украина, Қазақстан чемпионы атанды. Жыл сайын оның атымен Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өткізіледі.