Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Чехияда өткен Әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанды

Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Чехияда өткен Әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанды

Пардубице қаласындағы турнирге Қазақстан, Чехия, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Венгрия, Польша, Австрия, Словакия, Молдова, Болгария, Сербия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Украина спортшылары қатысты.

Біздің облыс өкілдері тоғызқұмалақтан екі ірі жарыста жүлдегер атанды: блицте ересектер арасындағы Әлем кубогында карағандылық Ернұр Қарығұл күміс медаль жеңіп алды, ал Бұқар жырау ауданынан қатысқан Әділхан Төлегенов жастар арасындағы (21 жасқа дейін) Әлем чемпионатында «қола» алды. Құттықтаймыз!

Айтпақшы, бүгін Моңғолияда осы өте танымал ұлттық ойыннан тірек-қимыл аппараты зақымданған мен көру қабілеті нашар спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады. ҚР құрамасының құрамына бапкер Бүркіт Бекмағамбетұлы Бейсенаев пен оның шәкірті Дастан Үмітқалиев кірді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!