«Скаут» «Қайратты» жеңді!

«Скаут»  «Қайратты» жеңді!

Қазақстанда да, Қарағанды өңірінде де ең танымал спорт түрі – футбол. Біздің аймақта әр түрлі жастағы 40 000-нан астам тұрғын доп қуалап ойнауды ұнатады, 100-ден астам команда бар. Солардың ішінде, қарағандылық балалар     футбол клубы «Скауттың» танымалдығы жыл сайын артып келеді және  тек республикалық жарыстарда ғана емес, халықаралық жарыстарда да жеңіске қол жеткізуде. Жақында оның 2015 жылы туған тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионы атанды. Және олардан бір жас кіші ұлдардан құралған команда жақында Қырғызстанда өткен NITRO ASIAN CUP турнирінде жеңіске жетті!

Беделді біріншілік Ыстықкөлдің жағасында өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 команда қатысты. «Скауттың» жас ойыншылары барлық алты матчта да жеңіске жетіп, алтынға ие болды!

Жартылай финалда команда «Пахтакор» Ташкент клубының академиясын жеңді. Ал, финалда қарағандылықтар ең мықты қарсыластарының бірі – «Қайрат» футбол академиясын (Алматы қ.) 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

- Қазір «Скаутта» 500 - ге жуық бала болса, олардың 300 – і «АРТSport» бағдарламасы бойынша тегін айналысады, - деді клубтың негізін қалаушы әрі жаттықтырушы Федор Валерьевич Богатырев, - біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте қуаныштымыз, бізді қолдайтын ата-аналарға рахмет. Біздің клубтың басты жетістігі-оның ішінде қалыптасқан достық, сенімді атмосфера және спорттық позитив. Алда бізді жаңа жарыстар күтуде, біз  жеңеміз деп үміттенеміз.