Қарағандыда мүгедек балаларға арналған тегін бейімдеу және инклюзивті секциялар жұмыс істей бастады

Қарағандыда мүгедек балаларға арналған тегін бейімдеу және инклюзивті секциялар жұмыс істей бастады

Жобаның ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты.

Қарағандыда секциялар "Samruk-Kazyna Trust" бас әріптесінің қолдауымен "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қоры іске асыратын "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасы шеңберінде құрылды. 2017 жылдан бастап ерекше балаларға арналған мұндай сабақтар Нұрсұлтанда өтіп, 2020 жылы Павлодар, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – елімізде бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамыту, мүгедектігі бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін секциялар желісін құру, осы салада жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту.

- Біз мұндай бастамаларға қоғамдық бірлестіктер тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Спорт және шығармашылық – бұл біздің балаларымыздың дамуындағы, олардың өзін-өзі көрсетуіндегі өте қажетті және маңызды бағыттар,- деп атап өтті Абзал Нүкенов. Ол жобаның ашылуы аясында Облыс әкімдігі мен қор-ұйымдастырушы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қарағандыда инклюзивті хореография, бейімделген таэквондо, жүзу және паралимпиадалық спорт түрі – бочча секциялары ашылады. Бұлармен БМЦ, аутизм, Даун синдромы, ақыл-ой кемістігі, сөйлеудің кідірісі сияқты диагноздары бар балалар айналысатын болады. Инклюзивтік секцияларға мүмкіндігі шектеулі балалар да, жас қарағандылықтар да қатыса алады.

Айтпақшы, бочча – бұл өте қызықты спорт түрі, осы секцияның ашылуы арқасында онымен ерекше балалар аса құмартып шұғылданып жүр. Олар жобаның ашылуына белсенді дайындалып, шеберлік сыныбын көрсетті және Абзал Нүкеновпен бірге қуана ойнады.

Қарағандыда осы әлеуметтік бағдарламаның кураторы "Батыл жүрек" ҚҚ болып табылады, байланыс телефоны: 8-7000221243, help@brave.kz.