«QARAGANDY MARATHON 2020» мәрегердің бірегей медалін жеңіп ал!

«QARAGANDY MARATHON 2020»  мәрегердің бірегей медалін жеңіп ал!

Жүгіруді ұйымдастырушылар қатысушылардың марапаттарында Қарағанды қаласының белгілі көрнекі жерлерін бейнелеу үрдісін жалғастыруды шешті. Бұл кеншілердің өлкесінен де басқа жерлерге әйгілі болған қаланың басты символдары деп айтсақ та болады.     

Қарағанды қаласында өткен жылдың қыркүйек айында өткен «Kúzdik Jarty Marathon» - «Күзгі жартылай марафонда» әрбір қатысушы «Кенші даңқы» әйгілі ескерткіштің көрінісі суреттелген медал алды.

Қазір, Ұлы Отан Жеңісінің 75-жылдығына орай, мәрегердің медалінде қаланың тағы да бір көрнекті жерінің бірі – Кеңіс Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіров ескерткішінің көрінісі бейнеленетін болды.      

«QARAGANDY MARATHON 2020» 2020 жылдың 10 қазанында қашықтықтағы форматта өтетін болады. Нәтижелерді әзірлегеннен кейін барлық қатысушыларға мәрегердің дәстүрлі медалі жолданатын болады. Оның көлемі – 70 те 65.3 миллиметр. Оның бет жағында – Нүркен Әбдіров батырымыздың жазғы киімдегі бейнесі суреттелген. Сыртқы бетінде  «QARAGANDY MARATHON 2020» бас серіктестігінің кескіні бар.

Еске ала кетсек, 1942 жылдың 19 желтоқсанында Нүркен Әбдіров өзінің от лаулаған ұшағын қарсыластардың танктері колоннасына бағыттады. Онымен бірге мерген Александр Комиссаров та қаза тапқан еді. 1943 жылдың 31 наурызында Нүркен Әбдіровке қайсар ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атты жоғары атақ берілді. Қазақстандық ер жүрек ұшқышқа арнап 1958 жылы Қарағанды қаласында ескерткіш орнатылды. 1982 жылы аталмыш ескерткіш Қазақстанның республикалық маңыздағы тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері тізіміне енгізілді. Бұған қоса, Батырдың құрметіне орай қаланың орталық даңғылдарының біріне оның аты берілді. Сондай-ақ, Нүркен Әбдіров ескерткіші «Armanǵa jol» мен «Kúzdik Jarty Marathon» қарағанды жартылай марафондарын өткізу тарихымен тікелей  байланысты екендігін атап өту керек. 2018 жылы және 2019 жылы жүгіру өтетін трассаның бір учаскесі аты аңызға айналған батыр-ұшқыштың ескерткішінен бастау алды.  

Баршаңызды осы жылдың 10 қазанында өтетін марафонға шақырамыз! Тіркелу және барлық қажетті ақпаратты qaragandy-marathon.kz сайтынан таба аласыздар. «QARAGANDY MARATHON 2020» мәрегердің бірегей медалін жеңіп ал!