«QARAGANDY MARATHON 2020» - басталуына дайын бол!

«QARAGANDY MARATHON 2020» - басталуына дайын бол!

Құрметті жүгірушілер, салауатты өмір салтын ұстанушылар! Біз сіздерді үстіміздегі жылдың 10 қазанында өтетін «QARAGANDY MARATHON 2020» атты қарағанды марафонына қатысуға шақырамыз! Бағдарлама төрт қашықтыққа арналған. Жарыс онлайн режимінде қазан айының 10 күні барлық елдер үшін бірдей уақытта сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.  

Тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, шет елдердің мыңдаған жүгірушілері Қарағандыда 2017 жылдан бері мамыр айында «Armanǵa jol» атты дәстүрлі қарағанды жартылай марафоны өткізіліп отырғандығын жақсы біледі. 2019 жылдың мамырында бұл марафон үшінші рет өткізілді. Осы жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында «Kúzdik Jarty Marathon» өтті.

2020 жылдың мамыр айында қарағанды жартылай марафонын белгілі форматта өткізу коронавирустық инфекцияның таралу қауіпіне байланысты енгізілген қарантиннің салдарынан жүзеге аспады. Алайда, қазір қазақстандық және шетелдік жүгірушілерді «QARAGANDY MARATHON 2020» стартына қуана шақырамыз!  

Уақыттың талабына сай, осы жолы қарағанды марафоны онлайн режимінде үстіміздегі жылдың 10 қазанында өтпек, әрбір қатысушы өз қаласында жарыс бағдарламасының бірінші қашықтығында жүгіріп, өзінің нәтижесін бізге жолдауына болады. 

Ұйымдастырушы комитет келесі төрт қашықтықты қалауларына арнап ұсынады:

-  5 километр;

- 10 километр;

- жартылай марафон - 21 километр 97.5 метр;

- марафон -  42 километр 195 метр;

- 3 шақырымға отбасылық жүгіру.

Әрбір жүгіруге қатысушы старттық нөмерге, қатысушының медалі мен сертификатына ие болады. 

Бүгінгі таңда qaragandy-marathon.kz сайтында халықаралық онлайн-марафонға қатысуға тіркелу басталды. Сондай-ақ, аталмыш сайтта біріншілікті өткізу туралы ережемен танысып, өзге де қосымша ақпараттар ала аласыздар.

Барлықтарыңызды үстіміздегі жылдың 10 қазанында өтетін жарыста асыға күтеміз!