5-7 маусым аралығында Бұқар жырау ауданының Құрылыс ауылында көкпар, бәйге, аударыспақ, асық ату, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Онда біздің аймағымыздың қалалары мен аудандарынан қатысқан 400-ден астам өкіл жеңіс үшін күресті.
Біріншіліктің салтанатты ашылуы мен марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы, Қарағанды өңірінің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Нүркен Қобжановтың қатысуымен өтті. Спортшылар мен қонақтарды ДШжСБ басшысы Серік Сәпиев қарсы алды.
- Бұл жарыс-маусымның ашылуы. Шілдеде Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді, тамызда тағы бір іс-шара бар. Ал, қыркүйек айында біз маусымның жабылуын ауқымды түрде өткіземіз,-деп түсіндірді, Қауымдастықтың вице-президенті Нұржан Шайхин, - Барлық жарыстар Қарағанды маңындағы Құрылыс ауылында ұйымдастырылады. Себебі, бұл орын қатысушылар үшін де, көрермен ретінде жарыстарға қатысқысы келетіндер үшін де ыңғайлы. Турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін ақшалай сыйлықтар қарастырылғанын атап өткім келеді. Сондықтан хабарландыруларды қадағалаңыздар және біздің ұлттық спорт мерекелерімізге келіңіздер!
Маусымның ашылуында тек қатысушылар ғана емес, жанкүйерлер де көп болды. Сондықтан бастау сәтті болды.
Көкпардан 2008-2010 ж. т. жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтіп, оның нәтижесі мынадай болды:
1 орын-Қарқаралы ауданы;
2 орын-Шет ауданы;
3 орын-Нұра және Ақтоғай аудандары.
Үздік ойыншылардан құрама құрылып, тамыз айында Алматы облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын болады.