
Қарағанды облысының прокуратурасы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша QR-код әзірледі.
Онда интернет- алаяқтық, есірткі қылмысы, «дропперлік», жол қауіпсіздігі, тартысты жағдайлар және интернеттегі мінез-құлық этикасы сияқты өзекті тақырыптар бойынша безендірілген қысқаша брошюралар бар. Материалдарда деректі фильмдерге және облыс прокуратурасының ресми беттеріне сілтемелер орналастырылған.