Қарағанды облысы бойынша 2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы 10 мыңға жуық қызмет алды.

Қарағанды облысы бойынша 2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы 10 мыңға жуық қызмет алды.

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 9,9 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 6 659 мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 574 мың – ымдау тілі қызметін, 1 968 мың – жеке көмекшінің, 696 – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.

Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, смартфон арқылы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталының мобильді нұсқасы жұмыс істейді.