Үш қарағандылық «Парыз -22» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Үш қарағандылық «Парыз -22» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Астанада әлеуметтік жауапкершілігі жоғары еліміздің ең лайықты кәсіпкерлеріне құрмет көрсетілді. Жыл сайынғы сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі Конгресс орталығында өтті. Оған мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, министрлер, орталық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Конкурсқа қатысуға Қарағанды облысынан 34 ұйым өтінім берді. Олар «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинацияларында ұсынылды. Сондай-ақ, үш үміткер «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығының номинациясына енді.

Сыйлыққа қатысуға рұқсат етілген барлық жұмыс берушілер әлеуметтік бағдарланған. Олар кәсіпорын қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөледі, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар, олар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсетеді.

Қарағанды облысының «Парыз-22» байқауының жеңімпаздарының қатарында үш кәсіпкер бар. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «Медная компания Коунрад» ЖШС және оның директоры Павел Семенченко жеңіске жетті. «Экологияға қосқан үлесі үшін» «Шұбаркөл Көмір» АҚ және компания президенті Рустам Ибрагимов күміс жүлдегер атанды.  «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясының үшінші дәрежелі «РАПИД» фирмасы ЖШС және оның өндіріс жөніндегі директоры Александр Валуйский лауреат болып танылды.

Республикалық байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айрықша белгілер (статуэткалар) табысталды. Сондай-ақ, олар «Парыз-22» байқауының эмблемасын өтеусіз пайдалану құқығына ие болды. Атақ берілгеннен кейін оның жарнамалық мақсатта қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.