Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2023 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Талаптар:
1) өтінім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;
2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;
3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;
4) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 18.00 - ге дейін.
Өтінімді қайда беру керек:
- қағаз түрінде Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, канцелярия кабинеті);
- электрондық нұсқасын электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 306 кабинетіне. (Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3).
Байланыс деректері: 8 (7212) 43-17-03.