АӘК тағайындау және КӘП беру бойынша ақпарат

АӘК тағайындау және КӘП беру бойынша ақпарат

 

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2 394 отбасына, 10 154 адамға төленді, оның ішінде 811 көп балалы отбасыға (2 438 отбасы, 11 062 адам тағайындалды). АӘК төлеуге 518,2 млн. теңге бағытталды. Төленген көмектің орташа мөлшері 8 505 теңгені құрады.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде 2837 отбасына, 12944 адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды.

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 1 729,4 млн.теңге, оның ішінде 1 383,5 млн. теңге республикалық бюджет есебінен, 399,2 млн. теңге – ЖБ (22% софинасирлеу) көзделген.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) 2909 балаға (2064 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейін – 1461 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 1448 бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) 3358 балаға тағайындалды, оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейін – 1736 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 1622 бала.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ағымдағы жылы 558,6 млн.теңге бөлінді (РБ – 417,7 млн. теңге және ЖБ-140,9 млн. теңге).

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттері бар көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы. Осы мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, 49 100 теңгеден 196 032 теңгеге дейін (4 баладан 16 балаға дейін) сараланып төленеді. Бұл көмекті 19 мыңнан астам (19 277) көп балалы отбасы алады.

Бүгінгі күні 1 824 отбасына жалпы сомасы 42,4 млн.теңге тұрғын үй көмегі (ТҮК) көрсетілді. 2022 жылы ТҮК төлеуге 97,1 млн.теңге бөлінді.

2021 жылы ТҮК 2 324 отбасына жалпы сомасы 59,3 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді.

3 тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 897 теңге (ҚР-43 100).

Кедейлік шегі – 28 628 теңге (ҚР – 30 170)

Ұлытау облысы – ЕТКШ-40 939, КШ-28 657.