Ақпарат

Ақпарат

2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Адал көмек" жобасын іске қосты, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады.
Ағымдағы жылдың 07 шілдесінде Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Антикор-орталығы базасында "Адал көмек" жобасы шеңберінде мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарға кезекті кеңес беру өткізілді.
Азаматтарға "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысының орынбасары А. К. Сүлейменова кеңес берді.
Азаматтарды мүгедек адамдарды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, жалғыз басты қарттарды облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелеріне ресімдеу, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек алу, балалар жәрдемақысын тағайындау және т. б. мәселелер қызықтырды.
Мысалы, гр. А.Мұхамеджанова қарт көршісін медициналық-әлеуметтік мекемеге рәсімдеуге көмек көрсетуді сұрады, себебі ол жалғыз мүгедек болып табылады және бөгде адамның көмегіне мұқтаж. Осы мәселе бойынша А.Мұхамеджановаға барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не өтініш беру ұсынылды.
Іс-шара барысында азаматтардан халықты жұмыспен қамту, мүгедектікті қайта куәландырудан өту, Әлеуметтік жол жүру билетін алу мәселелері де келіп түсті.
Азаматтардың барлық мәселелері бойынша А.К. Сүлейменова Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы"қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берді.
Консультация барысында азаматтардан жазбаша өтініштер түскен жоқ.