Көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының ашылуы

Көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының ашылуы

Қарқаралы қаласы Т. Әубәкіров көшесі, 19 үйде «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды. Орталықты Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі ашып отыр. 

Қарқаралы ауданында 800-ге жуық көпбалалы отбасы тұрады. Орталықта тегін заңгерлік және психологиялық консультация беріледі. Электронды үкімет порталы арқылы қызметтер көрсетеді. Отбасы ынтымағын арттыратын және балалар шығармашылығын дамытатын отбасылық сайыстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Көпбалалы отбасыларға кәсіп ашу, қайтарымсыз гранттар ұту жолдарын түсіндіріледі. Мамандық меңгертетін тегін курстар ұйымдастыру жоспарланған.